-3.7 C
Шымкент
Четверг, 30 января, 2025
Smarttop.kz

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 12 мемлекеттік орталық және Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында қызмет көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.
Биылғы жылғы қаңтардан бастап елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау жүйесі енгізілді.
Осыған орай, Шымкентте мемлекеттік орталықтар лицензия алу үшін құжаттарын сәйкестендіріп жатыр. Мұндай талап үкіметтік емес ұйымдарға да қойылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелерде 653 мүгедектігі бар бала қызмет алып отыр. Ал, үкіметтік емес ұйымдарда 2024 жылы 310 ерекше бала арнаулы әлеуметтік қызметтерді алған еді.
Барлық меншік нысанындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары лицензиялануы тиіс. Лицензия алу үшін қойылатын негізгі талаптар: санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай келетін ғимараттың болуы, қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігі қамтамасыз етілуі керек.
Үкіметтік емес ұйымдар да лицензия алу үшін қажетті жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның төрағалығымен үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің қалалық филиалы, Төтенше жағдайлар департаменті мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдарға лицензия алудың жолы мен орын алған олқылықтар туралы түсіндірілді.
Қазіргі таңда басқарма мамандары тарапынан 8 үкіметтік емес ұйым лицензия алғанға дейін олардан қызмет алып отырған мүгедектігі бар аналарға мемлекеттік мекемелерден қызмет алу ұсынысы білдіріліп жатыр.
Бүгінге дейін ата-аналардың бір бөлігі «Қамқорлық» №8 орталығы мен «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қызмет алу жөнінде өтініш жазды.
Лицензиялау арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырып, мүгедектігі бар адамдар мен басқа да санаттарға әлеуметтік оңалтуды тиімді жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысы әкімімен бірге облыстың бас полицейі 3 ауданда бірыңғай қабылдау күнін өткізді

smarttop

ТҮРКІСТАН: ӘКІМ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОСПАРЫНА НЕГІЗСІЗ ӨЗГЕРТУ ЕНГІЗУДІ ТОҚТАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ЖАҢА ЖОБАЛАР МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру