25.3 C
Шымкент
Вторник, 2 июня, 2026
Smarttop.kz

Балалар – біздің болашағымыз

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн бүкіл әлемде балалардың құқықтарын қорғауға, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне назар аударуға арналған маңызды мереке болып табылады. Балалар – әрбір отбасының бақыты, әр мемлекеттің болашағы. Сондықтан олардың бақытты өмір сүріп, сапалы білім алып, алаңсыз балалық шақ кешуі үшін барлық жағдай жасалуы қажет.

Балаларды қорғау күні көптеген елдерде кеңінен аталып өтеді. Бұл күні түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың жүзіндегі шат күлкі мен қуаныш – осы мерекенің басты мәні. Себебі әрбір бала өзін бақытты сезінуге, армандауға және сол армандарына жетуге лайық.

Әр баланың өмір сүруге, білім алуға, демалуға және қамқорлық көруге құқығы бар. Баланың бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына отбасы, мектеп және қоғам үлкен әсер етеді. Сондықтан балаларға мейірім мен сүйіспеншілік сыйлау – баршамыздың міндетіміз.

Өкінішке қарай, бүгінде ата-ана қамқорлығынсыз өсіп жатқан балалар да бар. Олар да басқа балалар сияқты мейірім мен жылулыққа мұқтаж. Балалар мерекесі туралы ойлағанда, ең алдымен осындай балалар еске түседі. Әрбір баланың ата-анасының құшағында еркелеп, отбасының жылуын сезініп өскені қандай бақыт! Ешбір бала өзін жалғыз сезінбесе, ешбір бала жетім атанбаса екен деп тілейсің.

Балаларды қорғау күні бізге тек мерекені ғана емес, балалар алдындағы жауапкершілігімізді де еске салады. Менің ойымша, бұл күннің ең үлкен тілегі – әлемдегі әрбір баланың бақытты болуы. Барлық бала ата-анасының жанында осы мерекені қуанышпен қарсы алып, олардың мейіріміне бөленсе екен. Балалардың көз жасын емес, күлкісін көретін күндер көп болып, әр шаңырақта бала күлкісі естіліп тұрса, бұл – баршамыз үшін ең үлкен бақыт.

Алматы қаласы
174 мектеп-гимназияның
11 В сынып оқушысы
Мұханқызы Меруерт

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: БИЫЛ 3 ГҮЛЗАР САЛУ ЖОСПАРДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру