1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 18 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылы атқарылатын жұмыстарының есебін тыңдады.
Биыл қалада жастар үшін 8 көшпелі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 2021 жылы 4 жәрмеңке ұйымдастырылып, жұмыссыз жастар бос жұмыс орындарына жолданған болатын.
М.Шотанов қаладағы жұмыс істеуге және білім алуға қызығуы төмен жастар үшін мобильді топ құрылғанын айтты. Өткен жылы арнайы топ өкілдері елді мекендерді аралап, 10 мың жаспен кездессе, биыл 15 мың жасқа түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, осы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр.
«Жасыл ел» маусымдық еңбек жасақтары жобасымен биыл шілде-қыркүйек аралығында 1 313 жас уақытша жұмыспен қамтылады. Айта кетсек, 2021 жылы осы жобамен 1 213 жас жұмысқа бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНҒА АРНАЙЫ КЕЛГЕН ПОЛЬША ЕЛШІСІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ АВТОМАТТЫ АНАЛИЗАТОР ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

Дүкеннен 10-нан астам ұялы телефон ұрлаған бойжеткен анықталды

smarttop

Пікір қалдыру