4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысындағы барлық мектептерде білім сапасын жақсарту, Назарбаев зияткерлік мектептерінің үлгісіне сай бейімдеу, білім берудегі озық тәсілдерді енгізу бағытында жұмыстар жүргізіледі. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың төрағалығымен өткен жиынға өңірдегі білім саласының ардагерлері, ел ағалары, тәжірибелі педагогтар мен білімге қатысты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиында Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығының директоры Төлімбет Бақытжан мектептің инновациялық-эксперименттік қызметін ұйымдастыру бағытында ой қозғады. Ал Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов оқу үрдісін үйлестіру, білім сапасын көтеру жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.
Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрғасы Жарылқасын Әзіретбергенов білім саласындағы кейбір реформалардың сәтсіз болғанын айта келе, мұғалімнің беделін арттыру керектігіне тоқталды.
– Білім сапасын көтеру үшін ең алдымен мықты директор, екіншіден білікті ұстаз, үшіншіден, сапалы оқулық қажет. Осы үшеуі қабысқанда ғана білімді ұрпақ тәрбиеленеді. Сонымен бірге қазіргі таңда ұстаздың беделі төмендеп кетті. Оқушыға сәл қатты сөйлесе, ұрысса, шағымданушылар көбейді. Бала тәрбиесіне ата-ана да, мектеп те жауапты, – деді ол.
Ал Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Облыстық білім саласы кәсіподағының төрағасы Нышан Байғұт пен Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Өсербаев та өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынды қортындылған Сәкен Қалқаманов білім саласы ардагерлерінің ұсыныстары мен пікірлері хаттамаға енгізіліп, назарға алынатынын жеткізді. Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданатын түркістандық өрендердің санын артыру бағытында да жұмыс жүретінін атап өтті.
– Өздеріңізбен арнайы білім сапасын дамыту бойынша сарапшылар кеңесін құрып, тұрақты түрде тоқсан сайын алқа мәжілісін өткізуді ұсынамын. Білім саласындағы мәселелерді анықтап, тиісті деңгейде жұмыстарды үйлестіруде сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз маңызды болмақ, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Түркістан облысында 900-ден астам мектеп, 65 мыңдай педагог бар. Білім ұяларында 500 мыңнан астам оқушы білім алып жүр.

Ұқсас ақпараттар

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛЫ ВАКЦИНАЦИЯ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ 87,5 % ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру