Smarttop.kz

Жүктердi тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамаған 3 ауыр жүк көлігі жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қала көшелерінде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Осы ретте қала аумағында жол жүрiсi қағидаларында көзделген жүктердi тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамаған 3 ауыр жүк көлігін анықтаған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1 және 3-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттамалар толтырды.

Көрсетілген бапқа сәйкес жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттерге он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

smarttop

Көршісінің үйінен тоңазытқыш ұрлаған жас жігітті полиция ұстады

smarttop

Сіз қазақ тілінің қолданыс аясын қалай кеңейте аласыз?

smarttop

Пікір қалдыру