24.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

АҚЖАРДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

Абай ауданына қарасты Ақжар тұрғын алабы 2810 гектар аумақта орналасқан. Онда 5 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Бір мектеп пен бір балабақша, медбекет, 4 спорт алаңшасы бар. Бұл жылы тағы 1 спорт және 1 балалар алаңшасы салынады. Мұндағы тұрғындар жолдарды асфальттап, үш ауысымды мектептің мәселесін шешіп беруін қалайды.

💡 электр жарығымен толық қамтылған
🚰 ауыз сумен толық қамтылған
🔥 табиғи газбен толық қамтылған

🛣️ жол – 9 көше асфальтталған, 36 көше — тас жол, 3-і топырақ жол.
2022 жылы — Ынтымақ, Жаңақұрылыс 1,2 к-не ШАҒАЛ ТАС төселеді;

Қазақстан 60 жылдығы, Сейфуллин, Қорғалжын, Шаңдыкөл, Жетіқара, Өркен, Атауы жоқ 3, 4 көше, Мұратбаев, Шымбаз, Елбегі, Мұратбаев тұйық 1,2,3, Абай, Ақсу-Жабағылы, Ағынсай, Алтынкемер, Ұшқын, Байғазы, Жеңімпаз, Байеділ, Белдеутас, Белқұдық, Саумалкөл, Айыртау, Айыртау №2, Сұлутөбе, Тоқбергенов көшелері АСФАЛЬТТАЛАДЫ.

🎇 Өткен жылы 1,5 шақырымды құрайтын Ғ.Мұратбаев және Шымкент көшелері жарықтандырылды.

🏭 №122 мектепте үш ауысымда 2000-ға жуық бала оқиды, қосымша мектеп салу мәселесін шешу мақсатында 300 орындықты мектеп ғимаратын салуға ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылғы жоспарға енгізілген.

🚌 147 автобус 20 минут аралықпен жүреді.

Ұқсас ақпараттар

АГРОСЕКТОРДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

smarttop

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРУДА

smarttop

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА ҮЗДІК ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ

smarttop

Пікір қалдыру