16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫН ҚАДАҒАЛАУДА

Шымкент қаласындағы сауда орындарының айналасындағы көлік тұрақтарды ретке келтіру бойынша жиын өтті. Кездесуге қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, қалалық полиция департаментінің өкілдері, тасымалдаушы компания жетекшілері мен сауда орындарының басшылары қатысты.

Шаһардағы «Фиркан», «Шахан» сауда орталықтарында арнайы сауда қатарлары пайда болды. Отандық өнім өндіруші компаниялар мен кәсіпорындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға тұрғындар бірауыздан қолдау білдіріп, Қазақстанда өндірілген азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды сатып алуда белсенділік танытуда.Қала ішінде орналасқан үшқабатты ғимарат ішіндегі сауда орындарын Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы қаладағы кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге  жалға тегін алуды ұсынуда. Тегін жалға алудың бір ғана шарты бар – жұмыс орындарын құру арқылы бизнесті дамыту.

Осылайша оңтүстікқазақстандықтар елімізде жасалған тауарларды тұтыну арқылы ел экономикасының дамытуға сүбелі үлес қосатынын ұғынып отыр. Алдағы уақытта Қазақстандық өнімдерді насихаттау және тұтынушылар көп шоғырланатын өтімді орындарда сату бағытында атқаралатын шаралар өңірдегі ірі сауда орындарында іске асады деп жоспарлануда.

Жұмыс тобының мақсаты – қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайту мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін оңтайландыру, сауда орындарының алдына көлікке арналған тұрақ ұйымдастыру. Бұған қоса тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камераларын орнату да маңызды болып тұр. Жауапты мамандар сауда орталықтарының өкілдерінің осы мәселе бойынша ұсыныстарын тыңдады. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылмақ. Сонымен қатар, Мамандар барлық сауда нүктелеріне осылай жұмыс жүргізуге кеңес береді. Ал талаптар сақталмаған жағдайда кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына тура келетіндігін ескертеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ 16-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

Қажылық сапарға алып барамын деп, шымкенттік тұрғын танысын 700 мың теңгеге алдап кеткен

smarttop

Төлеби ауданында қоғамдық қауіпсіздік бойынша жаңадан енгізіліп жатқан әдіс-тәсілдер талқыланды

smarttop

Пікір қалдыру