Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл жылы Әл-Фараби ауданы аумағында 31 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда үйлердің хаттамасы толтырылып, Тұрғын үй басқармасына ұсыныс жолданды.

Бүгінде Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарына өтініш білдірген тұрғындар мен үй басқарушыларына, көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жиналыстар ұйымдастыруда.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғындардың қалауы бойынша өздері тұратын үйдің қасбетін, шатырын, кіреберісін немесе жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген соң, кеткен шығындарды мемлекетке 10-15 жылға бөліп төлеуге мүмкіндіктері бар. Бірақ, мұндай күрделі жұмыстарды жүргізу үшін көпқабатты үйде тұратын тұрғындардың 70 пайызының келісімі қажет.

Осыған орай, егер сіздерге көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу бойынша сұрақтар туындаса Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты коммуналдық шаруашылық бөліміне 53-04-00 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер Түркістан қаласының базарында ұрлық жасаған күдікті әйелді ұстады

smarttop

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай полицейлер арасында байқау өткізілді

smarttop

13 ТҰРҒЫН АЛАПТЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮШІН ЖСҚ ӘЗІРЛЕНЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру