0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер зорлық-зомбылыққа қатысты акция өткізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Отбасындағы жағдай баланың жарқын болашағына тікелей әсер етеді. Отбасы – бақытты балалықтың мекені. Осы ұстаным әрбір жанұя мүшесінің басты қағидасына айналуы керек. Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны әлі де болсын азаймай тұр. Бұндай жағдайға тап болатын адамдар көбіне өздерінің құқығы мен мүдделерімен айналысатын дағдарыс орталықтары барынан бейхабар. Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлері әйелдерді қорғайтын заңнамалармен таныстырып, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ауқымды шара ұйымдастыруда. Мәселен, Түлкібас ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары және дәрігерлермен орталық саябаққа келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық және заңгерлік кеңес беріп, жадынамалар тарқатты. Олар балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлықтың алдын алуға қатысты кеңестер берді. Сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының бар екені туралы атап өтті. Бұндай шаралардың жастар үшін де маңызы зор. Себебі, болашақта өздерінің құқығын қорғай алатын тұлға болып қалыптасады. Шараға қатысқан тұрғындар полиция қызметкерлеріне өздерінің алғыстарын білдірді. Өздері білмейтін жаңа ақпаратпен таныстарғанына және психологиялық кеңеспен бөліскен мамандарға ризашылықтарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

«БИИК-ШЫМКЕНТ» КЛУБЫ – ЕЛ КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА

smarttop

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КӨПҚАБАТТЫ 51 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

smarttop

Пікір қалдыру