4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент: Еңбекші ауданында 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты аудандық Полиция басқармаларының учаскелік полиция инспекторлары көшелерде, қоғамдық орындарда заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіп отырады.

Мәселен, өткен аптада тәртіп сақшылары Еңбекші ауданы аумағында 555 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда: Қоғамдық орындарда қоқыс тастаған – 124 (ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша), белгiленбеген орындарда сауда жасаған — 52 (ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша), тыныштықты бұзған – 8 құқықбұзушыны (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы) анықтаған. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіктерді iшкен немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келген – 50 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), абаттандыру қағидаларын бұзған  — 95 (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы), ҚР аумағында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған -129 азаматқа (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) және өзге де құқықбұзушылықтар бойынша 97 тұлғаға хаттама толтырылды.

Осыған орай, мегаполис полицейлері азаматтардың кез келген заң бұзушылыққа жол беруге болмайтынын және азаматтардың тыныштығын еске салады, сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 30 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

ЖАНУАРЛАРДЫ ЭНЗООТИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТОЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ЭНДОВИДЕОХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОРНАТЫЛУЫМЕН ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру