Smarttop.kz

Шымкентте қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан азаматтар жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 2022 жылдың 28 ақпаны мен 6 наурызы аралығында қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан 43 адам анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Барлық құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау жұмыстары ұдайы жүргізілуде.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауды сұранады.

Ұқсас ақпараттар

ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚУАТЫН АРТТЫРАТЫН ӘРІ ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ОНЛАЙН ОҚИДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ COCA-COLA ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру