32.3 C
Шымкент
Вторник, 22 июля, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 11 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 наурыздағы жағдайы бойынша 11309 отбасындағы 55,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Бүгінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан жұмысқа қабілетті адамдармен әлеуметтік шарттар түзіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, әлеуметтік көмек алушы 55 700 азаматтың 17 мыңнан астамы еңбекке қабілеттілер болса, қалғаны 18 жасқа дейінгі балалар мен студенттер, зейнеткерлер және т.б.

Еңбекке қабілеттілердің ішінде 8570-нің жүгіну мезетінде жұмысы барлар, 143-і жұмыссыздар, 8670-і 1,2 топ мүгедектері мен бала күтімімен айналысатындар.

Жыл басынан бері көмек алушы 19 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.

Ұқсас ақпараттар

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

smarttop

ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ БАС ҚОСТЫ

smarttop

ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру