19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ЖАЙЛАУ КҮНІНДЕ ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкент қаласында Наурыз мейрамын мерекелеудің үшінші күні «Жайлау» күні аталып өтті.

Тәуелсіздік саябағында ұйымдастырылған іс-шарада гүлдер жәрмеңкесінен бөлек, жеміс және декоративті көшеттердің, саяжайға арналған ұрық пен тұқымдардың жәрмеңкесі және жеміс-жидектер мен дәнді-дақылдардың, саяжайға арналған құрал-жабдықтардың сауда қатары ұйымдастырылды.

Мерекелік шара «Бәйшешек» сазды хореографиялық биімен басталып, «Қызғалдақ» биімен жалғасын тапты. Іс-шара барысында келушілерге қаламыздың символы болып табылатын қызғалдақ гүлінің 400 данасы таратылды.

Бұл күні адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, сонымен қатар ондағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.

16 наурыз – Шымқала тарихи-мәдени кешенінде «Шежіре күні» аталып өтеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

БІРДЕ-БІР АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІҢ НАЗАРЫНАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ: ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮШІН ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ӘЗІРЛЕНДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

smarttop

Пікір қалдыру