25.3 C
Шымкент
Суббота, 29 августа, 2026
Smarttop.kz

Шымкентте ювеналды полицейлер түнгі рейд өткізді

Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың алкоголь мен зиянды заттарды тұтынуын болдырмау, олардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде жүруін және ойын-сауық орындарында болу фактілерін анықтау және жолын кесу.

Рейд барысында түнгі уақытта көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген 15 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналардан түнгі уақытта жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері шомылу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

smarttop

Генерал М.Қабденов қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына мерекелік сыйлықтар табыстап, шипажайға жолдама берді

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҮШ ЖЫЛДА 144 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНҒАН

smarttop

Пікір қалдыру