27.7 C
Шымкент
Понедельник, 29 июня, 2026
Smarttop.kz

Шымкентте ювеналды полицейлер түнгі рейд өткізді

Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың алкоголь мен зиянды заттарды тұтынуын болдырмау, олардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде жүруін және ойын-сауық орындарында болу фактілерін анықтау және жолын кесу.

Рейд барысында түнгі уақытта көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген 15 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналардан түнгі уақытта жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Ұқсас ақпараттар

Облыс орталығында полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев 40-тан астам ардагермен кездесіп, ақ батасын алды

smarttop

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

№12 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ЖАҢА ҒИМАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру