Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған қала активінің отырысы өтті.
Қала әкімі Жолдауда көрініс тапқан алты бағытты және жүктелген міндеттерді орындау үшін мегаполисте нақты шаралардың жүзеге асатынын айтты. Әрбір бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға жеке тоқталып, жетекші сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Стратегиялық құжатта пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға басымдықтар берілгенін атап өтті.
Мұрат Әйтенов: Әлем саясаты толқып тұрған қазіргідей құбылмалы шақтан қиналмай өту үшін ең алдымен ішкі бірлігіз мықты, ынтымағымыз берік болуға тиіс. Қаланың әлеуметтік — экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бар күш — қайратымызды жұмсайтын боламыз. Ендеше, Президенттің Шымкент қаласындағы өкілі ретінде баршаңызды Президентіміздің бастамаларын қолдап, Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын, — деп түйінді сөзін жеткізді.
Мәжілісте қоғам қайраткері, қалалық мәслихат депутаты, судья, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мен қоғамдық ұйым өкілдері Жолдаудағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша пікірлерін білдірді.