19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

Шымкент қаласында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, азаматтарды қорғау мен құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды.

Наградаларды табыстаған қала әкімі Мұрат Әйтенов марапат иелеріне қоғамдық қызметтегі белсенділіктері үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

🌟Марапаттау рәсімінде «Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Майханов пен «MARSIO JEWELLERY» ЖШС басшысы Алмас Таңғатаров «Құрмет» ордені табысталды.

⭐️Мемлекеттік «Шапағат» медалімен «@meyirim.kz» электрондық порталының директоры Жазира Асан, «Харекет» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Серік Дарбышев және «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының басшысы Асхат Мәуленов марапатталды.

-Қаламызда экономика, инвестиция, мәдени-әлеуметтік секілді басты салаларда оң нәтижелер көп. Бұл бағытымыздың айқын, ісіміздің нәтижелі екенінің дәлелі. Осынау игілікті істерде өздеріңіздей белсенді азаматтардың қосқан үлесін мақтанышпен айтамыз. Әсіресе, қаңтар оқиғасы кезінде сіздер ел тыныштығын сақтау жолында аянбадыңыздар. Марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын — деді қала әкімі.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАНЫҢ МИКРОКЛИМАТЫН ЖАҚСАРТУ ТӨРТ КЕЗЕҢМЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ БІР БАҒЫТТЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТАМЫЗДЫҢ 31 КҮНІ АШЫЛАДЫ

smarttop

НА НОВЫЕ РЕЛЬСЫ

smarttop

Пікір қалдыру