Smarttop.kz

СЕНБІЛІКТЕ 5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласында «Таза қала» республикалық акциясы аясында  жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған сенбілікке барлық әкімдік қызметкерлері,  басқармалар мен түрлі мекемелердің  қызметкерлері қатысты.

Бұл күні қала көшелерін санитарлық тазалаумен бірге, ирригациялық жүйелер қоқыстан тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылды.

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағында қала әкімдігі мен саябақ қызметкерлері бірігіп санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 500 түп қылқан жапырақты ағаш көшетін екті .

Абай ауданы әкімдігі мен тұрғындары Қазығұрт шағын ауданында орналасқан ОРМАН ҚОРЫ жеріне 1500 қарағаш көшетін отырғызды.

Әл-Фараби ауданында «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі аясында мыңға жуық ағаш көшеті қондырылды.

Еңбекші ауданында №1 автожол көшесі мен Маятас тұрғын алабына 1000 түп көшет (клен,ясень, қарағаш) егілді.

Достық шағын ауданы Ақбосаға көшесінің бойына Қаратау ауданы әкімдігі тарапынан 1000 дана қарағаш көшеті отырғызылды.

Жалпықалалық сенбілікке 10 мыңнан аса адам қатысып, 40 техника жұмылдырылған.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген күдіктіні ұстады

smarttop

ЕҢБЕК КОДЕКСІНДЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ 1, 36 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

smarttop

Пікір қалдыру