Smarttop.kz

Түркістан облысы полицейлері азық-түлік таратып, қайырымдылық жасауда

Қашанда көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп жүрген Түркістан қаласының полицейлері көпшіліктің алғысына бөленуде.
Мәселен бүгін Түркістан қаласының тәртіп сақшылары 5 баланың анасы Жанар Дүйсенованың үйіне арнайы барып қажетті азық-түліктер табыстап, қайырымдылық жасады. Түркістандық полицейлер жалпы мұндай көпбалалы аналарға үнемі қарайласып, қолдап тұруға тырысады.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері қала сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі. «Осындай қиын сәтте бізге демеу болып, қамқорлық танытқан полицейлерге алғыс айтамын. Отбасылары аман болсын. Абырой-даңқтары арта берсін»,- деді көпбалалы ана.

Ұқсас ақпараттар

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Полиция есірткі қылмысына қатысты заңға өзгерістер енгізілгені бойынша түсіндірме жүргізді

smarttop

АРҒЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру