Иә, мен «туризм дамымаған»- деген сторис жазған екенмін сұрақтар көбейді. Енді басынан жазайын.
Түркістан облысында» Ақтас әулие» аталып кеткен шипалы су бар екен. Әсіресе денедегі жараны кетіреді дейді. Судың кереметі сонша өтті шайып асқазандағы жараны жоқ қылады екен.(суды ішкен кезде). Денсаулықтан неңді аяйсың? Тіпті Қытай, Түркия мен Малазия асып шипа іздеп жүргендер қаншама? Сонымен мақтаған суды іздеп жолға шықтық. Созаққа жетпей тау тас аралап кетеді екенсің… Бір қызығы Созаққа іргелес болғанмен Бәйдібек ауданына қарасты екен.. Таудың етегімен 18 шақырым әжемнің бетіндегі әжімдей жолмен жүріп әзер дегенде таптық.. Сұмдық… Адам деген «құмырсқаның илеуіндей» қаптап жүр. Басым бөлігі Мәскеу, Краснадар елі, Орал мен Маңғыстаулық ағайындар екен. Жататын жай іздедік. Ой, люкс қонақ үй бар деген соң ләппай деп қуанып кеттік. Адам басына 7000 теңге. «Жаппарқұлда жан бар ма?»-деп люкске келдік.
люкс аттан садаға кеткір ай? Айналсаң артың тиетін құттақандай бөлме. 4 кереуетті жапыстырып қойған. Бір матрас пен домбайы шыққан жастық жатыр. Бөлменің бір бұрышында әжетхана. Тоқ мүлде жоқ. Телефонды немен зарядтаймыз дегенге резедка емес уйзби тығатын жасапты.(пейілі құрғыр тіпті шай қоятын тоқ қоймаған)… Оның мәнісін кейін түсіндім. Шай қысып» не істейміз шайды қайдан ішейік»- деп теңге асхана бар деді. Жетіп бардық. Эхх, «қазақ десең өзіңе тиеді, соқыр десең көзіңе тиеді»… Ақша ағылып келіп жатқан соң келушілерге жағдай жасауға болмас па еді..
Қайнаған су бокалдың размеріне қарай бағасы суретте.
Шәйнекпен алсаң 300 теңге
Нан булка 300 теңге
5 литрлік бос баклашка 500 теңге
Айран кіщкентай пиала 500 теңге
Сүт кесемен 500 теңге
Қайнатылған жұмыртқа 150 теңге
Кампот 300 теңге
Ешқандай чек-мек берілмейді, көлікпен кіру 1000 теңге, тіркеу 7000-нан бөлек 1000 теңге төлейсіз. Ал туризмнің дамығанын көріңіздер. Аудан қандай бюджеттен қағылып жатқанын біле ме?
Ержигит Шарипбеков, Созақ Ішкі Саясат Бөлімі кімге қарасты? Салықтан жалтарған кәсіпкерге неге талап қойылмайды? Неге туризмды дамытпайсыздар? Неге ағып тұрған суды пайдаланбайсыздар? Мәскеулік келушілер бетін басып кеткені жасырын емес. Амалымыз жоқ, суы жақсы емге келеміз деп шағымын да айтып жатыр.. Айналасы қоқыс толы, лас. Түркістан Облысының Полиция Департаменті Мұрат Кабденов мырза, арнайы барып тексеріс жүргізесіздер ау? Ұйқыдағы кірістер басқармасын оятыңыздар…