3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің мәжілісі өтті

Бүгін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында айтылған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Басқосуды Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, жүргізіп отырды.
–Президент Қасым–Жомарт Кемелұлының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауы сындарлы тұста шындық пен ақиқаттың ара-жігін аша отырып, өткенге сын көзбен қарай жасалған. Оны қоғам мен мемлекет өмірінің сан саласын қамтыған, әбден таразыланған салмақты әрі тарихи мәні зор құжат деуге болады. Мемлекет басшысы жолдаудың алғы сөзінде бұл құжаттың мән-маңызы ерекше екенін әрі одан туындайтын міндет-тапсырмалардың ұзақмерзімді қамтитынын да баса айтып өтті. Жолдау еліміздің тарихи құндылықтары мен осы кезеңнің күрделі тұстарын қабыстыра отырып қабылданған шешімдерге толы. Әсіресе «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек» деген сөздері үлкен серпін береді, – деді алқа мәжілісінде сөз алған Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жанпейіс Қобланов.
Жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелерімен қатар Шымкент қаласындағы салалық ардагерлер ұйымдарының және әйелдер кеңестерінің жетекшілері қатысты.

Ұқсас ақпараттар

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: «2-10-20», «5-10-20» БАҒЫТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

smarttop

«ASIA TRAFO» ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЗАУЫТЫНЫҢ ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру