19.8 C
Шымкент
Вторник, 13 мая, 2025
Smarttop.kz

КЕЗЕКТІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Әл-Фараби ауданына қарасты этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарға кәсіпкерлік нысандарға ҚР «Тіл туралы» заңы талаптарын сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлерімен бірлесе Береке, Химфарм шағынаудандары және «Қазына» сауда үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, 54-ке жуық кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпараттық мәтіні заңға сәйкес еместігі анықталып, кемшіліктерді шұғыл жою туралы ескертілді. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабы түсіндіріліп, заң талаптарын сақталуы жөніндегі парақшалар таратылды. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе Забадам тұрғын алабы Б.Саттарханов көшесіндегі 16 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталып, кәсіп иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ескертілді.Атап айтқанда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Қызылжар тұрғын алабы Жиделібайсын көшесіндегі 7 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталып, кәсіп иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ескертілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.
Оның ішінде 10 кәсіпкерлік нысан анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтірілді. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

ОТ ЖИЛИЩНОГО СТРОИТЕЛЬСТВА ДО ПОВЫШЕНИЯ ПЕНСИЙ: КЛЮЧЕВЫЕ МЕРЫ СОЦИАЛЬНОЙ ПОДДЕРЖКИ ПРАВИТЕЛЬСТВА В 2024 ГОДУ

smarttop

ШАВКАТ РАХМОНОВ ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Полицейлер кеурек дәрілік шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23-шетелдікті анықтады

smarttop

Пікір қалдыру