Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында өткен жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1796 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Азаматтар аталған тұрғын үйлерді Шымкент қаласы бойынша екінші дейгейлі банктер арқылы жеке құрылыс компаниялары салған пәтерлерді 7-20-25 бағытымен сатып алған. Жалпы сомасы 25,1 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2020 жылы осы бағдарлама шеңберінде 1639 адам тұрғын үйге қол жеткізген болатын.

2020 жылмен салыстырғанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің өсімі 1,1%-ға артқан.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында 1728 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олар «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға бөлінеді.

7-20-25 — Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Бұл бағдарламаның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі — 7 пайыз. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайызы және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді. Шымкент қаласында 25 миллион теңгеге дейін тұрғын үй қарастыруға болады.

📌Жеке тұлға 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
🇰🇿Қазақстан Республикасының азаматтығы;
🏠Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
💰Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
🏦Ипотекалық кредиттерінің болмауы.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

smarttop

ТӘУЛІГІНЕ 50 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР СУ АЙДАЙТЫН ҚОСЫМША КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру