5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, алыс танысы жер телімінің құжаттарын жасап беретінін айтып, 1 100 000 теңге ақшасын алған. Жәбірленуші жарты жыл бойы алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, құжатын жасамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты жергілікті мекенжайынан ұстады. Оны бірден басқармаға жеткізді. Күдікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 600 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша алып, жалпы 3 000 000 теңгеге шығын келтірген. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтінін растады. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Қандай жағдай болмасын, анық-қанығын білмей, белгісіз азаматтарға ақша аудармауға және бермеуге, сенбеуге қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ІРІ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ОҚЫ,ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ

smarttop

Пікір қалдыру