21.3 C
Шымкент
Суббота, 22 августа, 2026
Smarttop.kz

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БЕРІЛГЕН БАСПАНАЛАРДЫ ТҰРҒЫНДАР НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕРІ ТИІС

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында «Отбасы банк» АҚ-ның және «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігінің қатысумен «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасына қатысты жиналыс өтті.

Бүгінде Асар шағын ауданында 975 тұрғын үй «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналар. Аталған үйлер 2010-2012 жылдар аралығында Өзбекстан елінен келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Бағдарлама аясында тұрғындар үйлерін банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлер бойынша 150 азамат шарттың талаптарын орындаған.

Алдағы уақытта бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ ШҚФ, Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды жүргізуді қолға алмақ.

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

«ТАЛАНТ» МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

smarttop

КІТАП ОҚУДАН ТЫЙЫЛСАҚ…

smarttop

Пікір қалдыру