29.3 C
Шымкент
Понедельник, 29 июня, 2026
Smarttop.kz

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БЕРІЛГЕН БАСПАНАЛАРДЫ ТҰРҒЫНДАР НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕРІ ТИІС

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында «Отбасы банк» АҚ-ның және «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігінің қатысумен «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасына қатысты жиналыс өтті.

Бүгінде Асар шағын ауданында 975 тұрғын үй «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналар. Аталған үйлер 2010-2012 жылдар аралығында Өзбекстан елінен келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Бағдарлама аясында тұрғындар үйлерін банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлер бойынша 150 азамат шарттың талаптарын орындаған.

Алдағы уақытта бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ ШҚФ, Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды жүргізуді қолға алмақ.

Ұқсас ақпараттар

100 ҮЗДІК МАМАН БАЙҚАУЫ ҮМІТКЕРЛЕРІН КҮТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

smarttop

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 8 МЫҢНАН АСА АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру