3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТРИБУНА ЖОҚ…….

Трибуна жоқ. Оқып беретін баяндама қағаздың орнына қолында планшет. Тұрғындарды шектеу, мына сұрақты қой, мынаны қойма деген сценарий құрылмаған. Халықтың барлығы қамтамассыз етілу үшін тойханада есеп беру бұған дейін болмаған. Еркіндік пен ашықтықты қамтып, бір орында «қаздиып» отырмай сұрақ қойған тұрғынға барып арлы берлі жүрумен қатар Басқарма басшыларынан дер кезінде жауап алып отырды. Халықты сағынып қалғаны көрініп тұрды, иә, тұрғындар да пандемия кесірінен есепті онлайн тыңдап келгенін, карантиннің жойылғанына қуанып көкейдегі сұрақтарын қойып ұсыныс пікірлерін жеткізушілер тым көбейіп кеткеніне қарамастан тік тұрып жауап берумен болды.
Енді ресмиге тоқталсам:
34 елдімекеннен тұратын Абай ауданының кездесуге 15 елдімекені, атап айтқанда Жаңаталап, Қызылжар, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жайлау, Ақниет, Ынтымық, Ынтымақ-2, Тұрлан, Жаңа Тұрлан, Ақниет, Қорғасын-1,2 Жиделі тұрғын алабынан 400-ге жуық тұрғыны келді.
Қала әкімі 1-тоқсанды қорытындылап, қаланың даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.
Жаңа жылдан бері М.Әйтенов мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, онда 374 мәселе көтерілгенін жеткізді. Әрбір шағымға жеке хаттамалық тапсырма жазылып, орындалуы қатаң бақылауда болды. Нәтижесінде бүгінге дейін 78 мәселе шешілді, 249-ы жыл соңына дейін шешіледі, 47 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін табады.
Сулеева Анакул.
04.04.2022 жыл

Ұқсас ақпараттар

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

smarttop

«ОРДАБАСЫ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛПАУЫТ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру