Бүгін Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау туралы брифингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «2022-2023 оқу жылында техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салалары бойынша мемлекеттік тапсырыстың үлесі 87,5%-ды құрайтын болады»,- деп мәлімдеді.
Бүгінде Дуалды оқыту жүйесі бойынша бітіруші түлектердің жұмысқа орналасауы 82%-ды құрап отыр.
Шымкент қаласы бойынша кадрларды даярлау өңірдегі кәсіпорындардың өтінімдерінің негізінде айқындалады.
Негізгі қажеттілік өндіріс, білім беру, медицина және қызмет көрсету салаларында басым.
Бүгінгі таңда, дуальді оқыту форматымен білім беруді жүзеге асыратын 8 мемлекеттік колледж бар.
Сонымен қатар, 117 кәсіпорынмен 1 201 келісім-шарт жасалып, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтетін болады.
Колледждің негізгі серіктестері «Авто-Маркет» ЖШС, «Дара Сервис» ЖШС, «Агро Спец монтаж» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Промгражданстрой» ЖШС, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Transtelecom» ЖШС, «Қазпошта» ЖШС, «Қазақтелеком» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Civil Industrial Project Group» ЖШС, «Ditel» ЖШС және т.б. кәсіпорындар болып табылады.