16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ «ДЕРТТЕРІ» ДЕНДЕП БАРАДЫ….

ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлына!
ҚР ІІМ Маратжан Ахметжановқа!
Аса қадірлі Қасым Жомарт Кемелұлы!
Бүгінде полицейлерден сый құрмет қалмағаны өкінішке орай ащы шындық. Блогерлер деп атойлап, желіге не жазса соған аса «шексіз құрметпен» қарайтын басшылар «арттарын» ашылмағанын тілеп айтқандарына көніп жатқаны да шындық.. Қолындағы смартфонға түсіріп, мемлекеттік қызметкер ма, қарапайым көшедегі жан ба әйтеуір күн көрудің қамына кірісіп те кеткені, оларға тосқауыл болмай тұрғаны болашағымызда «БӘЛЕҚОРЛАР» мен «АРЫЗҚОЙЛАРДЫҢ» дәурені жүретіні маза берер емес…Егер ұмытпасақ бұл бірінші жағдай емес.. Бұған дейін де дәл осындай әрекеттер жасалып, жасырын түсірілген, жазылған жазбалар әлеуметтік желіге тарап, талай қызметкерлер қызметтен қуылған болатын. Бұл ДЕРТ ЖҰҚПАЛЫ БОЛҒАНДАЙ ТЕЗ ҮЙРЕНГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ОСЫ ӘДІСПЕН ӨЗ ДЕГЕНДЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП ЖҮРГЕНІ ӨКІНІШТІ. Өзге өңірде бәрі тамаша ма екен?» деп «таққа таласқан» бопсалау ма, әлде басқа ойымен (әйтеуір ниеттері түзу емес) ба өздеріне ғана аян айла тәсілдерді қолданатындарға заңмен тиым салмаса жақсы емес…
Ендігі жерде баса айтатын жәйт:
ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ҚҰРМЕТІ МЕН МӘРТЕБЕСІН ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ. КЕШЕГІ «ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫ» ДА ДӘЛЕЛДЕП БЕРДІ ЕМЕС ПА? ШЕНДІЛЕРДІ КӨРГЕНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ АЯУШЫЛЫҚ ПЕН ШЕНГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІҢ МҮЛДЕ ЖОҚТЫҒЫН АЙҚЫН КӨРСЕТТІ. ЕНДЕШЕ, ОСЫДАН КЕЙІН АҚ НӘТИЖЕГЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК ЕДІ…
Жазбаны жазған полицейге қылмыстық іс қозғауды талап етемін. Адамды өлімге итермелеген де заң аясында жауапқа тартылуы керек. Полиция Департаментінде бұл «үрдіске» айналып бара жатқандарға үлкен сабақ болуы тиіс. Өздеріне жақпай қалған басшыны немесе жұмысты талап еткен қызметкерлерді бұлай әркімнің айтағына салып беріп отырса болашақта кім полицияға қызығып баласын оқуға жібереді? Ешкім. Әрине, полицейлер халықтың қорғаны болуы тиіс дейміз… Полицейлерге деген көзқарас қоғамда қандай деңгейде екенін айтпаса да түсінікті шығар? Ендеше, «темірдей тәртіп» жоқ жерде, халықтың қамқоршысы деген полицейлердің ертеңі жоқ дер едім… Бұл дабыл қағатын үлкен мәселе екенін, оның тетігін табатын, шешімін табатын кездің келгенін басты назарда ұстауымыз керек..
Заң шеңберінде полицейлердің тәртібін, әсіресе заңмен тиым салынған аудио-видео жазбаны таратуға заңмен қызметтен шеттетіп қана қоймай қатаң шара көруді ұсынса,
Билік пен бұқараның арасындағы дәнекер журналистерге деген құрметті арттыруды, оларға деген қызметтік этиканы сақтауды (журналистер полицейлерге тура бағыныштыдай жауап алуды қиындатпай, шұғыл әрекет етуді тапсырса) әрине бірлесіп жұмыс жасауды жүйеге қойса деген үлкен сеніммен сұрағым келеді.
Егер, дәл осылай бір бірінің «артын» шұқылап, жақпай қалған, талапшыл басшыларды жазып өздерінің таныстары арқылы желіге тарата берсе журналистердің де «жұмысы жеңілдейтінін» яғни, келешекте полицейлерге журналист, блогер деген мүлде қажет етпейтін жағдайға жететіндеріңіз хақ. Сонымен қатар, полицейге деген құрмет пен сенім мүлде жоғалатыны, болашақта тек аңдыған ғана формадағылар» қалатынына кәміл сене беріңіздер.
Сулеева Анаркул Амангелдіқызы
ҚР Журналистер одағының мүшесі

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

БҮГІН — МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУЫ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру