18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Түркістан полицейлері ойын аппаратын алаяқтық жолмен алған Шымкенттікті ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданды. Арызданушы 400 мың теңгелік 2 дана «Play station» ойын аппаратын белгісіз біреудің жалға алып, қайтармай қойғанын айтты.
Аталған жайтты түркістандық полицейлер бірден тіркеуге алып, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғады. Осы іс бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастап кетті. Нәтижесінде күдікті ер азаматты полиция қызметкерлері 1 күн ішінде Шымкент қаласынан ұстады.
Белгілі болғандай күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол желідегі қосымша арқылы «Play station» ойын аппаратын жалға беремін деген жарнаманы көріп, бір күндік жалға алу ақшасын төлеп, аппараттарды қолына түсіргеннен соң сатып жіберген. Ол аппараттардың әрқайсысын 75 мың теңгеден сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 800 мың теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге жақын таныс емес адамдарға сенбеуді, барынша сақ болуды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

АӘК ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН АКЦИЯДА ДАУЛАСУШЫ ТАРАПТАР БІТІМГЕ КЕЛДІ

smarttop

ҚАЗАҚСТАНДА ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ҮРДІСІ

smarttop

Пікір қалдыру