16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША АВТОБУС БАҒЫТЫ АРҒЫМАҚҚА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

🔷 Бүгінгі таңда №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Арғымақ шағынауданына дейін ұзартылды. Қала әкімі М. Әйтенов осыдан бір ай бұрын газдандырылған елдімекенге арнайы барып, тұрғындармен кездескен болатын. Жергілікті азаматтар М.Дүйсенбекұлынан шағынауданға автобус бағытын ұйымдастыруға ықпал етуді сұраған болатын. Халықтың талап-тілегін ескерген қала әкімі аталған автобус бағытын Арғымаққа дейін 5 шақырымға ұзарту бойынша тапсырма берді.

Тұрғындар осы қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінімі және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған.

Кезекті қабылдауда азаматтар жер иеліктерін заңдастыру, қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағынаудандардағы ішкі орам көшелерге асфальт төсеу және балалар спорт алаңшаларын салуға жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар көтерген мәселе әрқашан әкімдіктің назарында екенін айтқан Мақсұт Пернебайұлы тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді.

Айта кетсек, тұрғындардың қолайлылығы үшін азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Маятас» тұрғын алабының тұрғындары «Бадам» каналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде мәселе көтерген болатын. Аталған мәселе бойынша Еңбекші ауданы әкімі Досбол Есілбек тұрғындардың мәселесін жіті тыңдады.
Бүгінде аталған мәселе бойынша «Бадам» каналынан өтетін Көзді ата көшесіндегі көпірге және канал жағалауына қауіпсіздік қоршаулары орнатылды.

М.Исахов жетекшілік ететін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, инфрақұрылым, құрылыс және жер қатынастары, цифрландыру, спорт салаларына қатысты мәселелер бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы жазыла алады.

🔷 Қазір № 35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы әкім тапсырмасына сай ұзартылып, бағытқа қосымша 2 автобус қосылды. Аталған маршрут 11 шағынаудан аралығын қамтиды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

smarttop

ҮШ АЙДА 1666 ЖОБАҒА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

smarttop

Пікір қалдыру