18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Сеніп тапсырған бағалы заттарды жасырын сатып жіберген азамат ұсталды

Отырар аудандық полиция бөліміне жеке кәсіпкер әйелден шағым түседі. Жәбірленуші тараптың айтуынша, өзінің дүкеніндегі бағалы киімдерін белгісіз біреулер жымқырып кетіп, 100 000 теңгеге жуық шығын келтірген.
Хабарлама түскен мезетте отырарлық тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған қылмысты ашып, кінәліні анықтауға қатысты шараларға кірісті. Куәлардан жауап алды, жақын аймақтарды мұқият тексерді. Полицейлердің жан-жақты жүргізген жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Ол аталмыш дүкеннің жұмысшысы, жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, дүкен иесі өзінің жұмысшысына сатылымға қойылған заттарды сеніп тапсырған. Алайда, күдікті өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзге тұрғындарға сатып жіберген. Күдікті өз сөзінде бұл әрекетке қарыздарын жабу үшін барғанын жеткізді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Бүгінде күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарына, мал-мүлкіне қырағы болуды ұсынады. Егер де, сіз, қандай да бір қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

Шымкенттік тұрғын анасының атынан алаяқтық жолмен несие рәсімдеген

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БАЙЛАНЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰХАР БҰҒЫЛАРЫНЫҢ САНЫ 200-ДЕН АСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру