24.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Сеніп тапсырған бағалы заттарды жасырын сатып жіберген азамат ұсталды

Отырар аудандық полиция бөліміне жеке кәсіпкер әйелден шағым түседі. Жәбірленуші тараптың айтуынша, өзінің дүкеніндегі бағалы киімдерін белгісіз біреулер жымқырып кетіп, 100 000 теңгеге жуық шығын келтірген.
Хабарлама түскен мезетте отырарлық тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған қылмысты ашып, кінәліні анықтауға қатысты шараларға кірісті. Куәлардан жауап алды, жақын аймақтарды мұқият тексерді. Полицейлердің жан-жақты жүргізген жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Ол аталмыш дүкеннің жұмысшысы, жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, дүкен иесі өзінің жұмысшысына сатылымға қойылған заттарды сеніп тапсырған. Алайда, күдікті өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзге тұрғындарға сатып жіберген. Күдікті өз сөзінде бұл әрекетке қарыздарын жабу үшін барғанын жеткізді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Бүгінде күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарына, мал-мүлкіне қырағы болуды ұсынады. Егер де, сіз, қандай да бір қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ВНИМАНИЮ ЖИТЕЛЕЙ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

smarttop

Түркістан облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды

smarttop

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ВЫРАЗИЛ БЛАГОДАРНОСТЬ ШКОЛЬНИКУ ИЗ ШЫМКЕНТА ЗА ПОМОЩЬ БРАТСКОЙ ТУРЦИИ

smarttop

Пікір қалдыру