Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 132 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ, 23 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде жол инфрақұрылымын дамытудағы жұмыс жоспарларға тоқталып өтті.

Қалада 2022 жылы 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр: құрылыс және қайта құру – 20, күрделі жөндеу – 3, орташа жөндеу бойынша 159 көшеде құрылыс жұмыстары атқарылады. 122,7 шақырым шағал тас төселіп, 178 аялдама орнатылады.

Еңбекші ауданында асфальт жолдың үлесі 71,5 пайызды құрайды: шағалтас – 25,8 пайыз, топырақ жол – 2,7 пайыз. Өткен жылы 57 көше жөндеуден (57,7 шақырым) өтті.

Биыл ауданда 132 көше (86,4 шақырым) асфальтталады, 23 көшеге (19 шақырым) шағал тас төселеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдарды жөндеу 1,5 есеге немесе 28,7 шақырымға артады.

Жыл қорытындысы бойынша шаһардағы асфальт-бетон көшелердің үлесін 67,4 пайызға (2198,6 шақырым) жеткізу басты назарда.

Ұқсас ақпараттар

МИНИСТР АЗАМАТТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Түркістан облысында мас халде көлік тізгіндеген 304 жүргізуші ұсталды

smarttop

Түркістанның полицейлері ішкі істер органына жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру