Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері «Балалар жылында» кіші футболдан жарыс өткізіп, жасөспірімдерге сыйлық тарту етті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы мен Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Келестік полицейлердің ұйымдастыруымен игі шара өткізілді. Яғни тәртіп сақшылары, аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 2008-2009 жылы туған балалар арасында кіші футболдан жарыс өткізді. Аталған спорттық шараға 4 команда қатысып, озық ойын үлгісін көрсетті. Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын қалыптастыру, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау. Тартысқа толы ала доп сайыс соңында Келес АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Саттар Отыншиев сөз алып, жасөспірімдерге алғысын білдірді: «Құрметті жас дос, жас буын! Бүгін сендерге біздер, яғни полицей ағаларың спорттық жарыс ұйымдастырып жатырмыз. Жасыл алаңда керемет ойын үлгісін көрсеткендерің үшін рақмет. Осы тұста сендерді тек пайдалы істермен шұғылдануға, теріс әрекеттен аулақ болып, спортқа бейімділіктеріңді арттыруға шақырамыз!»-деп атап өтті. Жарыс соңында «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылдаушы» номинация иелері мен жеңімпаздары арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Ел тыныштығын қорғап, қылмыспен күресуде, қоғамдық тәртіпті қалыптастыру жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген Келес ауданының полицейлері, осындай қиын да қауіпті жұмыстарынан уақыт тауып, профилактиклаық, қайырымдылық және тағы басқа қоғамдық іс-шараларды атқаруды дәстүрге айналдырған.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

smarttop

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

smarttop

Пікір қалдыру