9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында браконьерлерден 150 келі балық тәркіледі

Шардара ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне табиғатты қорғау инспекторы кешкі сағат 18:30 шамасында Шардара су қоймасында тексеру жұмыстары жүргізіліп, браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Қытай ау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген 2 тұрғынды анықтады. Олардан айғақты зат ретінде 1 дана резеңке қайық, жарықбергіш, токбергіш пен мотор құрылғылары алынды. Сонымен қатар заңсыз аулаған 140 келі сазан, 11 келі дөңмаңдай, 1 келі көксерке балықтары тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылатынын еске салады.

Ұқсас ақпараттар

ҚР ІІМ Марат Ахметжанов: қағазға емес, халыққа қызмет ету керек!

smarttop

ЖАҢА  ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге заңсыз кіріп, ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру