19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Түркістан облысында браконьерлерден 150 келі балық тәркіледі

Шардара ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне табиғатты қорғау инспекторы кешкі сағат 18:30 шамасында Шардара су қоймасында тексеру жұмыстары жүргізіліп, браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Қытай ау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген 2 тұрғынды анықтады. Олардан айғақты зат ретінде 1 дана резеңке қайық, жарықбергіш, токбергіш пен мотор құрылғылары алынды. Сонымен қатар заңсыз аулаған 140 келі сазан, 11 келі дөңмаңдай, 1 келі көксерке балықтары тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылатынын еске салады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

«LUX SHOES» ШЫМКЕНТТІК АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІ ЖАҢА ЖЕЛІНІ ІСКЕ ҚОСТЫ

smarttop

Глава государства провел совещание с акимами и руководителями государственных органов

smarttop

Пікір қалдыру