9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында полицей болғысы келетіндерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді

Күні кеше Түркістан облысы Полиция Департаментінің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде болашақ полицейлермен кездесу өткізілді. Яғни Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Мақсат Асқаровтың қатысуымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараға Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түскісі келетін 10-ға тарта үміткер арнайы келді. Шараның негізгі мақсаты — Ішкі Істер органдарына оқуға түсуге ниетті үміткерлермен кездесіп, жастарды оқуға шақыру болып табылады. Сондай-ақ оларға құқық қорғау саласына қабылдану үшін не істеу керек, қандай құжаттар жинақтау керектігін түсіндіру де назардан тыс қалмады.

Кездесу кезінде полицейлер, келген үміткерлермен жеке-жеке сұхбат жүргізілді. Олардың сауалдарына нақты жауап, құқықтық кеңес берілді. Полиция полковнигі Мақсат Асқаров, жастарға оқуға қабылдану үшін қажетті басты талаптарды айта отырып: «Ішкі істер саласы өте қиын әрі қауіпті сала. Мұнда қызмет ету үшін асқан жауапкершілік, шыдамдылық қажет. Бойымызда Отанға деген сүйіспеншілік жалындап тұру керек. Сондықтан сіздерді нағыз ел қорғайтын жастар деп сенеміз. Болашақ сіздердің қолдарыңызда. Ал полицей болсам деген армандарыңыз орындалсын дегім келеді. Ол үшін сіздер талапқа сай болуларыңыз қажет. Атап айтсам, жас 18-35 аралығында, орта, жоғарғы білімі бар, ұлдар үшін бойы 170 см-ден кем емес, қыз балдардың бойы 165 см-ден төмен болмауы шарт. Сондай-ақ ер азаматтар үшін әскери билеттің болуы маңызды»-деді. Полицейлер өз кезегінде келушілердің арасында талапқа сәйкес келетіндерінің құжаттарын жинақтап, Ішкі Істер министрлігіне жолдайтындықтарын айтты. Осы тұста егер де, сіздің ұлыңыз болмаса қызыңыз, немесе өзіңіз полиция қызметкері болғыңыз келсе, жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін болсаңыз, Түркістан облысы Полиция Департаментіне құжаттарыңызды алып келіңіздер!

Ұқсас ақпараттар

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ: ТАРИХИ НАҚЫШТА ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНАДЫ

smarttop

Түркістан облысының бас полицейі туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңадан салынып жатқан демалыс орнына барды

smarttop

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ «Аллея матерей»

smarttop

Пікір қалдыру