0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Ал бизнес-климатты және инвестициялық тартымдылықты жақсарту үшін не жасалады?

Кәсіпкерлікті дамыту қаланың экономикалық өсуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру мақсатында қалада мынадай жұмыстар жүргізілетін болады:

  1. Кәсіпкерлерлікті бастаушы тұлғаларға алдымен кәсіпкерлік білімін бере отырып, бәсекеге қабілетті бизнесті құруына көмек көрсету және бизнестің дамуына кедергі келтіретін түрлі тосқауылдардың болмауын әзірлеу. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын сауатты пайдаланып, іске асыратын жобаларын сүйемелдеу арқылы қолдау көрсету пакетін әзірлеу жұмыстарын жүргізу.
  2. «Іскер қала» жергілікті бағдарламасын әртараптандыру мақсатында креативті индустрияны дамыту, франшиза сатып алудың 50% шығынын өтеу және өнеркәсіп, туризм, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, қызмет көрсету салаларын жеңілдетілген 4%-бен несиелендіру жаңа бағытын енгізу жұмыстарын жүргізу.
  3. Кәсіпкерлердің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» фронт офисінің қызметін «Бір терезе» қағидатымен көрсетілуі бойынша канцепсиясын әзірлеу.

Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Алдағы 5 жылда 6 трлн. теңге инвестиция тарту көзделуде. Оның ішінде, құны 1,8 трлн. теңгені құрайтын 32 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 273 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған.

Қолданыстағы өндірістік алаңдардың толымдығына байланысты, қосымша жалпы аумағы 867 гектар құрайтын 3 жаңа алаң және 2 алаңды кеңейту көзделуде.

Бұл аумақтарға 370 млрд. теңге инвестиция тартып, 287 жобаны іске асыру арқылы 13 мыңнан астам жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Оның ішінде, халықты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту көзделген. Бүгінгі таңға аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 21 жобаға
23 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1 810 жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен бірге, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, шығарылған өнімдерді тасымалдауды және келетін тауарларды жан-жаққа жөнелту үшін қолданыстағы сауда-логистикалық орталықты кеңейту жұмыстары басталды.

Ұқсас ақпараттар

АҒАЙЫНДЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРАТАУЛЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Оқушылар арасында волейболдан «Шымкент жастар лигасы» спорттық жарысы өтеді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 200-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру