Smarttop.kz

АҚЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қала әкімі Абай ауданының Қазығұрт аумағы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

Бүгінде Абай ауданындағы Ақжар елді мекенінде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қолға алынған. Ауыз су және электр жарығымен толық, табиғи газбен 71 % қамтылған. Қазіргі таңда мердігер «Ремстрой» ЖШС табиғи газ жүйелерінің құрылысын атқаруда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Өткен жылы 8 көшеге шағал тас төселді. Биыл Сейфуллин, Қорғалжын, Шандыкөл, Жетіқара, Өркен, Мұратбаев, Шымбаз және тағы басқа бірқатар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғын алапта 2021 жылы 2 көше жарықтандырылды. 3 спорт алаңша орнатылса, биыл 1 балалар ойын алаңшасы және 1 спорт алаңшасын орнатуға конкурс жарияланған. Базалық станция құрылысы да жыл соңына дейін аяқталмақ.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру