16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА

2021 жылдың 26 қазанында Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновпен бекітілген «2021-2024 жылдарға арналған бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының уәкілетті мемлекеттік органдарының Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 11 қазанда, 2022 жылдың 11 ақпанда және 10 наурызда қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың төрағалығымен және сауда нысан басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс хаттамалары түзілген. Хаттамаға сәйкес жұмысшы топ құрылып, «Қаланың кәсіпкерлік субъектілеріне түгендеу жүргізу» туралы бекітілген алгоритмге сәйкес кәсіпкерлік нысандарды анықтау мен түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жұмыстары жүргізіліп, төрт аудан бойынша заңсыз құрылыстарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде 49 сектор араланып, 378 құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары анықталды.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 417,9 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  11,5%-ға артты.

Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемі 540,0 млрд. теңгеге жеткізу күтілуде. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға (109,2%) өсетін болады.

Аталған көрсетішке жаңадан ашылған базар («Гранд-Базар»), жаңа автокөлік салондарының құрылысы («Lexus Shymkent», «Hyundai Otyrar») және жұмыс жасап жатқан сауда нысандарын кеңейту («Gramad» — 3 сауда нысаны, Magnum – 1 сауда нысаны) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілетін болады.

Көтерме сауданың көлемі 944,3 млрд. теңгені құрады немесе 113,4 пайызды құрады.

Жалпы сауда көлемі 1366,3 млрд. теңгені немесе 112,9 пайызды құрады.

47 нысан бойынша тексеру жүргізіліп, 146 хаттама толтырылып, 35 411 343 теңге айыппұл салынды.Осыған байланысты, Шымкент қаласы прокуратурасының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №2-40-22-07074 ұсынымы енгізілді. Нәтижесінде 9 базарға (Жібек Жолы, Айна, Жабық базары, Көктем, Орталық қырғы базары, Акбар, Алаш, Барыс, Дархан) әкімшілік жаза қолданылды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА ҮЗДІК ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ

smarttop

ТРИБУНА ЖОҚ…….

smarttop

«Абайлаңыз, балалар!» шарасы аясында облыстағы жол белгілері жаңартылуда

smarttop

Пікір қалдыру