21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Қазығұрт ауданының тұрғындары полицейлерге алғыс айтты

Полицейлердің атқарған жұмыстары бағаланып, еңбектері еленіп, ел құрметіне бөленіп келеді. Бұндай алғыстар тәртіп сақшыларын одан әрі ынталандырып, жұмыстарына құлшыныс сыйлайды.

Осындай алғыстың бірі Түркістан облысы Полиция департаментінің «фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына келіп түсті. Яғни Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Берік Серікбаев есімді тұрғын, полицейлерге өзінің шынайы ризашылығын жеткізді. Оның жазбасында: «Халықтың алғысына бөленіп жүрген полицей — қазығұрттық Нұрсұлтан Өмір. Олай деуімізге себеп, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өткен жексенбіде қатты жауын салдарынан су тасқыны орын алған болатын. Осы тұста қазығұрттық тәртіп сақшылары алдыңғы шепте жүріп, жедел әрекетке көшіп, халықтың қасынан табыла білді.

Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қолынан келгенше күн-түні қолдан келген көмектерін аянып қалмады. Бірінші кезекте жауыннан су басқан үйлерге тез арада келіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан тұрғындар біраз зардап шекті. Әрбір адамның қауіпсіздігін ойлаған Нұрсұлтан кірпік ілмей тәулік бойы қызметте болды. Қасиетті Рамазан айында аузы берік болса да, ел үшін адал қызмет ететіндігін дәлелдей білді. Тәртіп сақшылары кешегі батыр бабалардың, жаужүрек қазақтардың жалғасы екендіктерін тағы да көрсетті» — деп атап өтті.

Өз кезегінде Қазығұрт ауданының тұрғындары антына адал, сертіне берік полицейлерге осындай қиын сәтте жандарына демеу болып, қастарынан табылғандары үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ

smarttop

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 800-ДЕН АСА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН

smarttop

2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА РЕКОРДТЫҚ 26,7 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру