18.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖІТІ МЕҢГЕРІП КЕЛЕДІ

❇️ Соңғы кездері этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуге құлшынысы арта түскені қуантады. «Достық» үйінің «Бірлік» алаңындағы мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 30-ға жуық этнос өкілі аптасына екі рет мемлекеттік тілді оқып-үйренуде. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта тіл үйрену курсына қатысуына жағдайлар жасалған. 🔷 Осы бағытта қалалық ассамблея 8 жоғары, 22 орта арнаулы оқу орындарымен екіжақты меморандум түзіп, соның аясында мегаполистегі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту жобасын іске асырып келеді. 🔷 «Бірлік» алаңында арнайы тіл оқу курсының төрт айлық курсын тәмамдап, сынақтан өткен этнос жастарына оқу орталығының арнайы анықтамасы табысталады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫН АБАТТАНДЫРУ МЕН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН ҰЛҒАЙТУ КӨЗДЕЛГЕН

smarttop

ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРЫ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМИДЫ

smarttop

Пікір қалдыру