8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Түркістандық полицейлер мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына қарсы іс-шараларды күннен-күнге күшейтуде. Осыған орай Бәйдібек АПБ қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл жиынға Бәйдібек ауданы әкімінің төрағалығымен ауыл әкімдері мен ақсақалдары, ауыл шаруашылығы бөлімі арнайы қатысты.
Кездесу барысында ҚР ІІМ «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында» әрбір мал басын есепке алып, сырғалап-таңбалау, үш жақты келісім шарт жасау, малдарды қараусыз қалдырмау, бақташылар жалдау бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ алдағы уақытта жүргізілетін рейдтік іс-шаралар, соған сәйкес өңірлерде мал ұрлығының алдын алу шараларын қабылдауды үйлестіретін ведомствоаралық жұмыс топтарын құру нақты жоспарланды.
Бұған қоса тәртіп сақшылары үш жақты келісім шарттың нәтижесінде, аудан көлемінде мал ұрлығының және малдың жайылымда жоғалу жайттарының азайғандығын атап өтті. Сондықтан тұрғындарға малдарды сырғалап-таңбалау, құжатсыз тасымалдамау, бақташысыз жайылымға жібермеу керектігін түсіндіріп, бұл бағытта профилактикалық іс-шаралардың жиі жүргізілетіндігін ескертті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

smarttop

«NEET» САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҮЛЕСІ ТӨМЕНДЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру