-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІКТЕР «BALASHYM» ФЕСТИВАЛІНДЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАМАШАЛАДЫ

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасып жатыр. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтіп жатыр.
Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады.
–Бүгінгі фестивалге 530-дан аса бала қатысып отыр. Бұл балалар – мемлекеттен жан басына қаржаландыратын бағдарлама аясында қосымша білім беру мекемелерінің үйірмелерінде шыңдалып жүрген оқушылар.Бұл күн балалар үшін отбасымен, достарымен бірге қарсы алып, жағымды естеліктермен ерекшеленетін мереке. Сонымен қатар, дәл осы мереке қарсаңында балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлініп, түрлі мәселелерді шешу жолдары талқыланады. Түйткілдердің түйіні тарқатылып, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға түрлі қолдаулар көрсетілетініне де куә болып жатамыз. Сонымен бірге, мереке аясында ересектердің бала әлемін, жандүниесін терең түсінуіне әсер ететін іс-шаралар да ұйымдастырылады. Яғни, мерекелік іс-шаралар адамдарды балалар құқығын қорғаудың мән-маңызына атүсті қарамауға шақырады.
Сонымен қатар қаладағы театрлар мен мәдениет мекемелері де өз сахналық нөмірлерін дайындап, көрермен назарына ұсынуда. Мұндай іс-шаралар балалардың белсенді, көшбасшы болуына септігін тигізеді, өнерге, шығармашылыққа баулиды. Балалар –біздің болашағымыз, оларды дұрыс жолға бағыттау – әрбірімізге парыз. Сондықтан да мәдени іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі мереке балаларға керемет көңіл-күй сыйлап жатыр деп ойлаймын, – деді қалалық мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев.
Мереке Шымкент қалалық және қуыршақ және жасөспірімдер театры әзірлеген «Қуыршақтар шеруімен», Шымкент қалалық зообағында жалғасын тапты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТӨРТ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

smarttop

«ЖАСЫЛ ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

smarttop

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру