31.3 C
Шымкент
Четверг, 24 июля, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ МАҚСАТЫНДА 6 ЖОБА БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек құқын қорғау бойынша баспасөз брифині өтті.

Брифингте мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов 2022 жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыс жоспарларынының орындалуы барысымен таныстырып өтті.

«Жыл басынан бері 17 кәсіпорында 1 271 жұмыскердің 208,1 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары төленді. Бүгінде 3 кәсіпорында 53 жұмыскердің 11,9 млн. теңге жалақы қарыз қалған. Сондай-ақ, басқарманың жұмыс жоспары өз деңгейінде орындалып келеді.» -деді, спикер.

Өндірістік жарақаттарды төмендету мақсатында 6 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Олар:
• «Халықтық бақылау» жобасын 10 кәсіпорында енгізу;
• Нөлдік жарақат тұжырымдамасын 40 кәсіпорынға енгізу;
• Зиянды және қауіпті 200 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау;
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген кәсіпорындар санын 135 жеткізу;
• 10 кәсіпорынға «Сенім сертификатын» тапсыру;
• Өндірістік жарақаттануды төмендетуге бағытталған әлеуметтік роликтер әзірлеп, жариялау. Қазіргі таңда 8 ролик дайын.

Сонымен қатар, басқарма басшысы республикалық Ахуалдық орталық мониторингі бойынша елімізде барлығы 494 проблемалық кәсіпорын тіркелгенін, бүгінде оның 437 жағдайы шешіліп, 57 жағдайы шешімін таппағандығы туралы да айтып өтті.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ:МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІККЕ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ АҚЫСЫЗ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

smarttop

Пікір қалдыру