0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түлкібастық полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскендерді анықтады

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, ұрлықтың құрбаны болғанын жеткізді. Ол өз арызында үйіне түнгі сағат 01:00 шамасында белгісіз біреулер терезесін сындыру арқылы кіріп, тұрмыстық техника мен құрылыс заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші ер адамға жалпы 850 000 теңге шығын келген. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқықбұзушылығы бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, көрсетілген мекенжайға барды. Полицейлер жан-жақты мұқият қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде бұл қылмысты 3 бірдей жас жігіт жасағаны анықталды. Тәртіп сақшыларының қырағылығы нәтижесінде күдіктінің бірінің Шымкент қаласында жүрген жерінен құрықталды.

Белгілі болғандай, күдікті үшеу өзгенің үйіне заңсыз кіріп құрылыс заттарын, тұрмысқа қажетті қысқатолқынды пеш пен теледидарды ұрлаған. Бүгінде барлық ұрланған заттар полицейлермен айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қалған екі күдікті іздестірілуде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері түрлі ұрлық қылмысының алдын алу мақсатында сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Ұрлық жайты орын алған сәтте, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 75 ОҚУШЫ КАДЕТ АТАНДЫ

smarttop

АКИМ ГОРОДА ПРОВЁЛ ВЫЕЗДНУЮ ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ АБАЙСКОГО И АЛЬ-ФАРАБИЙСКОГО РАЙОНОВ

smarttop

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру