Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов, қамаудағы, пробациялық бақылаудағы азаматтармен атқарылатын жұмыстарды талқылау, олардың қатысуымен болатын қандай да бір заңсыздықтарға жол бермеу мақсатында жиналыс өткізді.
Іс-шараға Шымкент және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті бастығының бірінші орынбасары әділет подполковнигі Пархат Исақбаев, Криминалдық полиция, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармалары мен басқа да мүдделі қызметкерлер қатысты. Сондай-ақ Тергеу изоляторы мен Түзеу мекемелерінің басшылығы мен қызметкерлері де қатысушылар қатарында болды. Аталған жиналыста тараптардың әрқайсысы өз саласында белгіленген заңдылықтарға сәйкес жауапкершілікпен қызмет ету мәселесі баса айтылды. Одан бөлек қылмыстылыққа қарсы күрес бағытында бірлесіп жұмыс атқару, пробациялық бақылаудағы азаматтар бойынша ҚР ІІМ-нің бұйрық талаптарын орындау, оларды іздестірудегі туындайтын қиындықтар және бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңында нәтижелі жұмысқа жету мақсатында, нақты тапсырмалар, бағыттар белгіленіп, алдағы уақытта барлық тарап жұмысты жандандыратындығы сөз етіліп, ұсыныстар қаралды.