16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірден озуына байланысты көңіл айтты

🔷 «70 жасында өмірден озған Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірден озғаны туралы суыт хабар барша халықтың қабырғасын қайыстырды.

🔷 Бердібек Машбекұлы көп жылдар бойы еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің жан-жақты дамуына мол үлес қосқан ардақты азамат еді. Мемлекеттің қалыптасу кезеңдерінде аса жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, сындарлы сәттерде күрмеуі қиын күрделі мәселелердің оңтайлы шешім табуына бар-күш жігер, білім-біліктілігін жұмсады. Өзінің парасаттылығымен, азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде ерекше құрметке ие болды. Оның елжандылығы, руханиятқа, жастарға деген қамқорлығы, жарқын болашақ жолындағы елеулі еңбегі игілікті істерге жол ашты. Елге аянбай қызмет еткен арда азаматтың бейнесі ел басқару тарихында қалары сөзсіз.

🔷 Ізгілікті істерімен өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, күллі Қазақ еліне көңіл айтамын. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!»

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер кеурек (ферула) дәрілік шөбін қазып, Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 130-дан астам шетелдікті анықтады

smarttop

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕСІГІНЕ ДЕЙІН ТАРТЫЛДЫ

smarttop

КӘСІПКЕРМЕН СҰХБАТ

smarttop

Пікір қалдыру