1.3 C
Шымкент
Четверг, 22 января, 2026
Smarttop.kz

Көршісінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп алаяқтық ойын іске асырған ер адам ұсталды

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, көршісі 2012 жылдың күз айында өзінің тұрып жатқан үйінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп сендірген. Содан 250 000 теңге ақшасын алып, арада 10 жыл уақыт өтсе де, үйдің құжаттарын рәсімдемей, не ақшасын қайтармай алдап жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, одан жауап алды. Анықталғандай, ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ақша қажет болуына ба йланысты осындай қадамға барып, ақшаны жаратып ажібергенін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болыңыздар.

Ұқсас ақпараттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІКТІҢ ҮШІНШІ АПТАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

smarttop

Тұрғынның сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы қамауға алынды

smarttop

Пікір қалдыру